Саясат

Елімізде тәртіп сақшыларының жалақысы көтеріледі

Тәртіп сақшыларының айлығы өскеннен кейін жолдағы тәртіп те күшейер ме екен...

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

ҚР ІІМ полиция қызметкерлерінің айлығын көтеріп әлеуметтік жағдайын жақсартуды жоспарлап отыр. Сонымен қатар бірнеше қызметкерді жұмысынан босатпақшы. Бұл туралы Otyrar.kz хабарлады.  

ҚР ІІМ погон таққан бастықтар мен жеке құрамның жалпы санын қысқартып, үнемделген ақшаны қалған қызметкерлерге бөліп беруге ниетті. Реформа аясында ІІО-ның 450 басшысы жылы орнын босатады, бұдан бөлек, штаттағы полицейлердің саны да 10 %-ға кемиді. Бұл жөнінде бүгін Орталық коммуникациялар қызметі брифингінде ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Жанат Сүлейменов баяндады. Оның айтуынша, үнемделген 16 миллиард теңге есебінен ішкі істер бөлімінде жұмыс істейтін мамандардың жалақысы мен әлеуметтік қорғанысын жақсарту жоспарланған.

Жеке-жеке тоқталсақ, патрульдік полиция қызметкерлерінің айлығы 65 %-ға, жедел тергеу бөлімінің мамандарының айлығы 55 %-ға, учаскелік инспекторлардың айлығы 25 %-ға, ал ІІО-ның өзге қызметкерлерінің айлығы 20 %-ға көтеріледі деп күтілуде.

Бұрында ҚР ІІМ басшысы Қалмұханбет Қасымов қазіргі таңда Қазақстандағы полиция сержантының еңбек өтіліне байланысты 70-75 мың теңгеден жоғарғы көлемде айлық алатынын айтқан болатын. Ал офицердің жалақысы 100-110 мың теңгені құрайды.

Тәртіп сақшыларының айлығы өскеннен кейін жолдағы тәртіп те күшейер ме екен, қалай ойлайсыздар?