Эмоциялық интеллект сақтай аласыз ба?

EQ төмен болуының себебі

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Эмоциялық интеллект – адамдардың өзінің және өзгелердің эмоциясын түсіну, олардың эмоциялық күйіне бейімделу.

Егер жеке өміріңізде жолыңыз болмай, достарыңызбен, әріптестеріңізбен арадағы қарым-қатынастарыңыз нашар болса, мәселе эмоционалдық интеллект деңгейінің (ЕQ) төмендігінде болуы мүмкін.

Психолог Николас Холл әзірлеген тест сұрақтарына жауап беру арқылы өзіңіздің эмоциялық интеллект деңгейіңізді анықтай аласыз.

1. Өз  мүмкіндіктерімді обьективті бағалаймын ба?

Жақсы дамыған эмоционалдық  интеллектісі  бар адам  өзінің  мықты және  әлсіз  жақтарын  біліп,  олардың тиімді тұстарын  пайдаланып, кемшіліктерінің өзіне де, басқаларға  да  кедергі  келтірмеуін  қадағалап отырады.

2. Басқаларды сынға аламын ба?

EQ  деңгейі  төмен адамдар,  көп  жағдайда,  басқаларды  сынға  алудан тайынбайды. Біреуді  түсіну мен  оған  кешіріммен  қарауды өздері  үшін  жаратылмаған  эмоциялар  арқылы қабылдайды.

3. Басқа  біреудің  көзқарасын қабылдай аламын ба?

Төмен EQ деңгейіне  ие адамдардың тағы  бір ерекшелігі  - олардың дау-дамайға жақын тұруы мен бірбеткейлігі. Мұндай адамдар пікірінің дұрыстығына сенетіндері соншалық - басқаларды  тыңдағылары  да келмейді.

4. Өз  қателерімде өзге адамдарды кінәлаймын ба?

Көп жағдайда  таңдау болмағандықтан, осындай  жағдайға душар болдым, ал жақындарым  мені  мүлдем  түсінбейді деп, өзіңізді аяудан да тежелмейсіз.

5. Өзімнің шын эмоцияларымды жасырамын ба?

EQ  деңгейі төмен адамдар аса ауыр эмоцияларды  тудыратын  жағдайларға төтеп бере алмайды.  Олар  мұндай  жағдайларладан алыс тұруға  тырысатындықтан, өздерінің шын эмоцияларын жасырын  ұстайды.