Қоғам

Қытайдан келгендердің арасынан 23 адамның қызуы көтеріліп, төртеуі емханаға жатқызылды

Екі апта ішінде Қытайдан Қазақстанға 25 858 адам кірген

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бүгін үкімет үйінде денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Қытайда тараған коронавирус инфекциясы туралы брифинг өткізді.

Бас дәрігердің сөзінше, 6 қаңтардан бері ҚХР аумағынан 25 858 адам Қазақстан шекарасы арқылы өткен. Олардың арасында қазақстандықтар да, шетелдіктер де бар. Бұл жөнінде мәліметті Денсаулық сақтау министрлігіне шекаралық бақылау қызметі берген.

- Қазір Қытайдан Қазақстанға келген азаматтардың 23-інің қызуы көтерілгенін анықтадық. Олардың бәрі бақылауда. Төрт адам түрлі инфекциялар жұқтырды деген күдікпен ауруханаға жатқызылды. Вирустық инфекциялардың бір-бірінен нақты айырмашылығы болмағандықтан, біз оны өткір респираторлық вирустық инфекция ретінде бағалап, адамдардан қан сынамасын алдық. Үш күн ішінде толыққанды диагностика өткізіліп, тиісті ем жүргізіледі, – деді Е.Біртанов.

Министр соңғы 14 күнде Қытайдан келген қазақстандықтар мен шетелдік азаматтар дереу жергілікті поликлиникаға барып, тіркеуге тұруын сұрады.

Ведомство індет профилактикасы ретінде науқастарды орналастыруға 4,5 мың орын дайындап қойған деседі. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, Қытайда короновирустан көз жұмған адамдардың саны 106-ға жетті. Инфекцияны 30 провинцияда 4515 адам жұқтырған. Әлемнің 15 елінде 80 науқас тіркелген.