Әлем жаңалықтары

Factbox: Дүниежүзі көлеміндегі коронавирус туралы соңғы мәліметтер

Америкалық сарапшылар: Қатерлі індеттен 60 миллиондай адам көз жұмуы мүмкін

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қытайдың орталық аймағы Хубэй провинциясының Ухань қаласынан тараған коронавирус індеті 106 адамның өмірін қиды. Қатерлі вирус әлем бойынша 4520-дан астам адамға жұғып үлгерген, олардың көпшілігі Қытайда.

Вирустың ел арасында қалай және қаншалықты қарқынмен тарайтыны анықталмағандықтан, ерекше үрей тудырды. Қытай шенеуніктері індеттің ағзаға жайылу кезеңі бір күннен 14 күнге дейін болуы мүмкін және бұл кезде жұқпалы болатынын айтады.

 

 

 

* Дүйсенбіде Қытайда қаза тапқандар саны 106-ға жетті, Хубэй провинциясында 100-ге жетті. Қытайда тағы 4515 адам жұқтырған. Хубей провинциясында 2714 расталған жағдай тіркелді, күні кеше 1423 болатын.

* Таиланд пен Гонконгта инфекцияның 8 жағдайы тіркелген. АҚШ, Австралия, Тайвань, Сингапур және Макаода әрқайсысында бестен; Жапония, Оңтүстік Корея және Малайзия әрқайсысында төрттен; Францияда үш оқиға; Вьетнам мен Канадада әрқайсысы екі, ал Германия, Шри-Ланка, Непал және Камбоджадан бір-бір жағдай тіркелген.

* Қытайдан тыс аумақта адам өлімі тіркелмеген.

* Дерттің шығу себебі ретінде 11 миллион халқы бар Ухань қаласында былтыр жаңа жыл қарсаңында жабайы аң етін базарда саудалаудан тараған болуы мүмкін деген болжам айтылып еді.

* Үкімет басшысы Ли Кэцян бүгін медициналық қызметкерлерді қолдау мақсатында Уханьға барды.

* Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бұл ауру Қытай үшін төтенше жағдай болғанымен, бірақ әлемдік деңгейде төтенше жағдайы болған жоқ деп мәлімдеді.

* Қытайдың бірнеше қаласы «қатаң жабық» режимге көшті. Ухань қаласында көлік қатынасы тоқтап, ішкі рейстер қызметіне тыйым салынған.

* Бүгін Қазақстанның денсаулық сақтау министрі Елжан БіратновсоңғыҚытайдан 25 мың дадам өткенін,келген 23 адамныңқызуы көтерілеп, 4 адамәртүрлі инфекция бойынша күдікпен ауруханаға жатқызылғанын хабарлады. 

* Бейжің Хебэй провинциясындағы автобустардың көп бөлігін тоқтатты.

* Қытайдың Тибет автономиялық ауданында барлық туристік нысан уақытша жабылды.

* Америка Құрама Штаттары Қытайға барудан сақтандырды, ал Канада Хубэй провинциясына сапар шегуге тыйым салды.

* Коронавирустың кесірінен Азия қорындағы экономикалық өсімнің құлдырауы қаржыгер сарапшылардың алаңдаушылығын туғызды.

*25 қаңтар АҚШ-тағы Джонс Хопкинс денсаулық сақтау орталығының зерттеушілері жаңа вирустан 18 ай ішінде әлемде 60 млн адам көз жұмуы мүмкін деген болжам жасады. АҚШ денсаулық сақтау саласының сарапшылары вирустың қауіпті деңгейде екенін ескертіп, қауіпті вирус 65 миллион адамның өмірін қиюы мүмкін деді.  

* Франция, Италия, Жапония, Австралия, Оңтүстік Корея және Америка Құрама Штаттары өз азаматтарын індет ошағы Уханнан эвакуациялау бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.

* Кейбір сарапшылар вирусты «800 адамның өмірін жалмаған 2002-2003 ж. Ауыр респираторлық синдром (SARS) немесе 2012 жылы 700-ден астам адам көз жұмған Таяу Шығыстағы тыныс алу синдромы (MERS) сияқты қауіпті емес» деп санайды.