Әлем жаңалықтары
15 млн тұрғыны бар қала
Елдің солтүстігінде орналасқан Қытайдың ірі Тяньцзинь қаласы өлімге әкелетін коронавирустың кесірінен әскери жағдай жариялады. Бұл туралы 28 қаңтар, сейсенбіде Global Times хабарлады.
Эпидемия кезеңінде он бес миллионн тұрғыны бар қаланың ауруханалары мен бес жүз медициналық тобы әскери қолбасшылыққа бағынады. Бұл – Қытайдың мұндай қадамға барған алғашқы қаласы.
Тяньцзинь Пекиннен оңтүстік-шығысқа қарай 120 км жерде орналасқан.