Weekend

Билл Гейтс қоры коронавируспен күресуге $10 млн доллар аудармақ

Қаржы Қытай мен Африка елдерінде жұмыс істейтін мамандар мен мекемелерге бөлінеді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Билл мен Мелинда Гейтс отбасылық қоры коронавирустың өршуімен күресу үшін 10 миллион доллар бөлді. Бұл туралы ұйымның ресми сайтында хабарланды.

Қаражат Қытай мен Африка елдерінде жұмыс істейтін мамандар мен мекемелерге жіберіледі. Сондай-ақ, қор оларға техникалық қолдау да көрсетеді. Ресурстар вирустың жаңа күйін анықтауға, науқастарды оқшаулап емдеуге және ем болатын вакцинаны табуға бағытталады. Мәлімдемеде қор жеке және мемлекеттік сектордағы қытайлық серіктестерімен әлдеқашан байланыс орнатқандығы айтылған.

2019 жылдың соңына қарай БАҚ-та Қытайдың Ухань қаласында пневмонияны тудыратын коронавирус тарай бастады деген ақпараттар шыға бастады. Арада көп өтпей ауру Қытайдың көптеген аймақтарында таралғаны анықталды. Сонымен қатар Оңтүстік Корея, Таиланд, Франция, Жапония және АҚШ-та да тіркелді.  

2020 жылдың қаңтар айының соңында әлемде коронавирустан 80 адам қайтыс болған, ал науқас адамдардың саны 2700-ден асқан.