Weekend
Салтанатты шара Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылды
Ақжолтай жаңалық! Шымкент қаласының «Көрме орталығында» өткен «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы ерінбе...» поэзиялық кешінде Шымкент қаласы химия – биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары жыр оқып жеңімпаз атанды.
Кеште мектебіміздің атынан 7 оқушы өнер көрсетті. Олар Абай өлеңдерінен айтыс орындады. Қыз бен жігіт айтысын жеткіншектер «Желсіз түнде жарық-ай» әнімен аяқтады.
Сайыс нәтижесі бойынша, жыр оқыған оқушыларымыз жүлделі ІІІ орынға қол жеткізді.
Мәдени шараға Шымкент қаласындағы студенттер мен мектеп оқушылары қатысып, өз өнерлерін ортаға салды. Қатысушылардың бірі Абай Құнанбайұлының өлеңдерін мәнерлеп оқыса, енді бірі қара сөздерін жатқа айтты, сонымен қатар әндерін де нақышына келтіріп шырқады.
Айта кетейік, биыл елімізде Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы тойланады. Дана ойшылдың мерейтойын ЮНЕСКО мен ТҮРКСОЙ аясында атап өту жоспарланған. Әлем және ел көлемінде 500-ге жуық түрлі іс-шаралар өтеді. Ұлы Абайдың шығармашылық мұрасы мол. Қаламгердің қолынан 8 мыңдай өлең жолы, 45 қара сөз, 3 поэма шыққан.