Weekend

Daryn.online серіктестері Елордада бас қосты

3 айдың қорытындысы жасалды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Daryn.online компаниясы және осы білім беру платформасы әр аймақтағы серіктестердің басын қосып, Нұр-Сұлтан қаласында кеңейтілген жиын өткізді. Жиынның негізгі мақсаты 3 айда жасалған жұмыс пен нәтиже туралы ақпарат алмасу, бір-біріме жақын танысу секілді түрлі бағытта жүргізілді.

4 серіктес арнайы баяндама жасап, өздерінің жұмыстары туралы бірнеше кейс ұсынды. Бұдан өзге білім беру платформасының болашақта жүзеге асыруы тиіс жоспарлары талқыланды.

Айта кету керек, Daryn.online компаниясына жаңа басшы тағайындалды. Мақсат Асқар Мақсатұлы бұдан былай аталған компанияның директоры әрі ұйымдастырушысы.

Келесі серіктестермен болатын кездесу 24-25 сәуір аралығында Шымкент қаласында өтеді деп жоспарланып отыр.

Дәл қазір платформада әр аймақтан 20 серіктес жұмыс істеп отыр.

Ескерте кету керек, платформа әлі де болса серіктес іздейді. Егер Павлодар және Алматы облысы (Талдықорған, Текелі т,б.) бойынша серіктес боламын десеңіз, бірге білім саласында қызмет жасауға дайын болсаңыз, бізге хабарласыңыз!

Байланыс: Daryn. online ЖШС директоры Асқар Мақсат

8-700–088–00-65

8-777-140-70-77