Қоғам
Қытайдағы вируспен күрес
Қарқынды түрде тарап жатқан жаңа вирус Қытайдағы Тяньцзинь қаласының билігін әскери жағдай жариялауға мәжбүрледі. 15 миллион тұрғыны бар қаланың медицина қызметкерлері енді әскери билікке бағынады. "Бұл вируспен күресуде нәтижелі болмақ" дейді билік өкілдері.
Тяньцзинь қаласы Бейжіңнен 120 шақырым жерде орналасқан. Бұл осындай шараға барған Қытайдың алғашқы қаласы. Ол жайында Global Times басылымы хабарлады.