Саясат
Депутаттар жүргізуші куәлігін беру тәртібін қатаңдатуды талап етті
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comМәжіліс депуаты Павел Казанцевтің айтуынша, Қазақстанда бейбіт күнде адамдар тура соғыс кездегідей қырылып жатыр. Оны Ауғанстандағы қанды қырғыннан жапа шеккендермен салыстыруға болады. Мәселен, былтыр жол апатынан 32 мыңнан астам адам қаза тапты. 20 мың 445 жан мүгедек болып қалды. Тәуелсіздік алғаннан бері 28 жылда 82 мың азаматты жоғалттық.
Gelandewageн жүргізушісінің кесірінен болған оқыс оқиғаны мысалға келтірген депутат, көп жағдайда жол апатына көлік жүргізушісі кінәлі дейді. Сондықтан Ішкі істер министрлігінен куәлікті оңайлықпен бермей, тәртіпті барынша қатаңдатуды талап етті. Алдымен емтиханды қиындату керек дейді мәжілісмен.