Саясат
Олар жерді жалға беруге қарсы
28 қаңтар күні Атбасы ауданының тұрғындары аудандық әкімшілігінің алдына жиналды. Бұл туралы аймақтық тілшілер мәлімдеді.
Олардың хабарлауынша, қытай бизнесмендерінің өндірістік және сауда-логистикалық орталығының құрылысына қарсы жиналған халық наразылық білдірген. Олар жердің қытай кәсіпкерлеріне жалға берілетініне қарсы болған.
"Біз жердің Қытайға жалға берілуіне қарсымыз. 49 жыл тұрмақ, 49 күнге де бермейміз" деп ұрандатқан жиналған қауым. Соңында 30 қаңтарда ірі митинг ұйымдастыратын болып келісімге келіп, үйлеріне тарқасқан.
Қырғыз халқы қытай инвесторлары жердің құнарлылығын жойып, зиян келтіреді деп алаңдаулы. Алайда билік өкілдері екі ел арасындағы келісім бойынша жерге зиян келмейтінін айтып отыр.