Денсаулық
Дәл қазіргі уақытта бұл аурудың нақты емі жоқ
АҚШ коронавирус жұқтырған қытайларды тексерілмеген препараттарды беріп, сынақтан өткізуге шешім қабылдады. Бұл туралы The Wall Street Journal хабарлайды.
AbbVie және Johnson & Johnson сынды американың фармацев компаниялары Қытайға вакциналар жеткізе бастады. Оның ішінде компаниялар ВИЧ-инфекциясымен күресуге арналған дәріні де жіберді. Ал Gilead Sciences компаниясы дайындалу сатысында тұрған, бірақ тексерілмеген препаратты Қытайда сынап көруді жөн көріп отыр.
Бірақ бұл дәрілердің коронавирусты жеңе алатындығына ешкім де кепілдік бере алмайды. Басылымның айтуынша, қытай вирусымен күресуге көмектесетін қазір вакцина жоқ. Сондықтан қытай дәрігерлері коронавирустың өршуін тоқтату үшін кез келген дәрі-дәрмекті сынап көруге келісіп отыр.