Саясат

Шымкентке сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің штабы келді

Парасаттылық қағидаттарын дамыту

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі жанынан құрылған республикалық ақпараттық - ағартушылық штабының мүшелері үшінші мегаполиске жұмыс сапарымен келді.

Кездесудің басты мақсаты – сындарлы диалог құру және кеңейтілген ақпараттық іс-шаралар арқылы парасаттылық қағидаттарын дамыту болып табылады.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуды көздеген Штаб мүшелері алғашқы кездесуін қала активімен өткізді.

Парасаттылық қағидаттарын қалыптастыруға бағытталған жиынға қала әкімі М.Әйтенов, республикалық үгіт-насихат штабының басшысы Ы.Тұрсынзада, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің өкілі А.Бердалин, Агенттіктің Шымкент қаласы бойынша Департаментінің басшысы А.Жұмағали, қалалық ақпараттық-ағартушылық штабының басшысы С.Мәжінбеков, «Шымкент-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Е.Төлебаев, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың басшылары мен Арнайы мониторингтік топтың мүшелері қатысты.

Іс-шарада Штаб құрудың қоғам алдындағы маңыздылығы түсіндіріліп, сыбайластықтың алдын алу үшін қоғамдық санаға серпіліс жасау арқылы жоюға болатындығы айтылды.

- Сананы өзгерту керек, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет, сыбайлас жемқорлыққа деген берік иммунитет, оған деген жұртшылықтың мінеуі болмай, қалаған нәтижеге қол жеткізу мүмкін емес, - деді Агенттіктің ресми өкілі А.Бердалин.

Штабтың құрамында бірде-бір мемлекеттік қызметші жоқ. Барлығы қоғам белсенділері.

- Штабқа мүше боламын, жемқорлыққа бей-жай қарамаймын, адалдық принципіне үлес қоссам деген азаматтар болса, бәріне есігіміз ашық, - деді Штаб жетекшісі Ы.Тұрсынзада.

Айта кетейік, Агенттіктің Шымкент қаласы бойынша департаменті жанынан құрылған Ақпараттық-ағартушылық штаб жұмысын өткен жылдың соңында бастап, қазіргі таңда бірқатар ұжымдармен, жастармен кездесіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.