Hi-Tech

45-245 доллар: Google құпия деректерді сатады

Google пайдаланушылардың жеке деректерін сататын болды.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Google пайдаланушылардың жеке деректерін ресми түрде сататын болды. Алайда құпия ақпарат тек құқық қорғау органдарына ғана арналған.

Жаңа сервис аясында полиция қызметкерлері электрондық пошта, орналасқан жері, іздеу-сұраулары жайынан ақпарды төлем жасағаннан кейін ала алады.

Бағасына тоқталсақ, сот шешімі бойынша деректерді жинау үшін 45 доллардан, ал тінту ордері бойынша деректер 245 долларды құрайды.

Google мамандардың айтуынша, егер де мемлекет осылайша шығындарды өтейтін болса, бұл  мемлекеттің азаматтарды қадағалауын асыра пайдалануынан тежейтін фактор болмақ. Себебі тек 2019 жылы Google-дан мемлекеттік органдар 75 мыңнан астам тиісті сұрау алған, оның шеңберінде компания әлемнің 160  мың аккаунты жайында ақпарат өңдеді. Демек енді ешкімнен жасырына алмайсыз.

inbusiness.kz