Саясат
Басылым кешірім сұраудан бас тартты
Даниядағы Қытай елшілігі ресми түрде даниялық Jyllands-posten басылымынан кешірім сұрауды талап етті.
Жанжалдың себебі – таблоид суретшісі Нилс Бо Бойсеннің Қытай туының нұсқасын салған карикатурасы болды, ол тудағы қызыл фонда жұлдыздардың орнын вирус суреттерімен алмастырған. Бұл туралы msn хабарлайды.
- Басылым сөз бостандығы мен сөз этикасын бұзып отыр. Бұл адамның ар-ожданына нұқсан келтіреді. Біз бұған наразымыз және Jyllands-posten пен Ниль Бо Бойсеннің Қытай халқынан ашық түрде кешірім сұрауын талап етеміз,- деп хабарлады елшілік.
Басылым кешірім сұраудан бас тартты. Бас редактор олардың қорлау немесе келеке ету ниеті болмағандығын жеткізді.
- Біз бұл істі қате деп санамаймыз, сол үшін кешірім сұрай алмаймыз. Менің түсінуімше, мәдени түсініктің екі түрлі түрі бар, - деп жауап берді Jyllands-Posten бас редакторы Джейкоб Нибро.