Денсаулық

Factcheck: Қызылордалықтың коронавирусқа шалдыққаны туралы хабар тарады

Нөмірленген, бірақ қол қойылмаған "құжат"

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Кешелі бері әлеуметтік желілерде Қызылорда облысында қатерлі коронавирус дертіне шалдықты делінген 60 жастағы науқастың анықтама қағазы желдей есіп тарап жатыр. 

Жолданған мерзімі 28 қаңтар деп көрсетілген «ведомстволық мәлімет» бланкісінде қала тұрғынына «жедел респираторлы вирусты инфекция, орташа ауыр ағымы, Коронавирус?» диагнозы қойылған. Тіпті, құжат үлгісіндегі қағаздың шығыс нөмірі «№01-136» таңбаланған. Сондай-ақ «анықталмаған құжатта» пациент 11-18 қаңтар аралығында Қытайдың Хайньян аралындағы Санья қаласында медициналық туризм мақсатымен инемен емдеу курсына қатысып қайтқаны туралы айтылған. Және қазіргі таңда бокс бөлімінде оқшауланып, ем алып жатқаны жазылған.

 

Қазнетте қызу талқыға түскен хабар жайлы «расталмаған құжат» соңында есімі жазылған Қызылорда облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігері Мұхамбетова Айна Қарабұзауқызымен хабарласып көрдік. Ол:

– Бұл науқас туралы ресми ақпарат бере алмаймын. Жүйеде кеткен мәлімет туралы денсаулық басқармасы қызметтік тексеріс жүргізіп жатыр. Менің қолтаңбам жоқ қой. Мен сізге бірдеңе дей алмаймын. Кез келген науқас тексереміз. Бұл ақпарат қайдан қалай жарияланғаны зерттеу жұмыстары жүріп жатыр. Ал коронавирус диагнозы анықталып, ауруханада жатқан науқас жоқ,– деді.

 

Айна Мұхамбетова денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне жүгінуімізді сұрады. Десе деоблыстық денсаулық сақтау басқармасына бірнеше рет хабарласып, тұтқаны ала алмадық.

28 қаңтар Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Наурызбай Байқадамов өңірде коронавирус індеті туралы хабарға байланысты арнайы штаб жиынын өткізді. Бұл жөнінде facebook желісіндегі басқарманың ресми парағында «Қызылордада коронавирус тіркелген жоқ»деген тақырыппен хабар жарияланды.

 

Онда облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Жақсылық Әбілқасымұлы әлемді тіксінткен коронавирустық инфекциясына қарсы аймақтың профилактикалық дайындығы мен қатерлі індет бойынша ешқандай пациенттің тіркелмегенін баяндағаны жайлы жазылған.

Бүгін Қазақстанның бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Қызылордада науқас дене қызуымен және бас аурымен ауруханаға түсті. Сұрау барысында анықталғандай, сырқат жуынған соң вагонда ашық терезе астында ұйықтап қалған. Ол таяуда Қытайдың Хайнянь аралынан оралғандықтан бөлек боксқа оқшауландырылды. Қазіргі уақытта пациент жүрек-қантамыр жүйесі ауруларына шағымданбайды, қызуы жоқ, барлық қажетті диагностика жүргізілуде», – деді.

Бұдан құжатта көрсетілген ақпараттың біраз бөлігі рас деген қорытынды жасауға болады.

 Облыс көлемінде науқастарды қабылдауға қосымша 190 төсек-орын дайындалған көрінеді.

Былтыр желтоқсанның соңынан бері өрши бастаған коронавирус дерті дүниежүзі халқының үрейін туғызғаны белгілі. People’s Daily басылымының хабарлауынша, қазіргі таңда 11 миллион халқы бар Ухань қаласында зардап шеккендер үшін 2600 орындық екі арнайы аурухана салынып жатыр.

Америка Құрама Штаттары, Франция және Сингапурды қоса алғанда, 15 елде 60-қа жуық қатерлі вирус жұқтырған науқастар тіркелді. Бірақ кісі шығыны жоқ. Әлемдегі әуежайлар Қытайдан келетін жолаушыларды кешенді түрде қатаң тексеріп жатыр. Соңғы ақпараттарға қарағанда,Қытайда коронавирус жұқпалы дертінен көз жұмғандар саны 132 адамға жетіп, 5974 адамның жұқтырғаны анықталған

Профилактика

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы вирустың адамнан адамға берілуінің негізінен Уханьда, сонымен қатар Қытайда және шетелде болғанын мәлімдеді, дегенмен вирус таралу қарқыны туралы біркелкі тұжырым жасай алмады.

Короновирустың белгілері тұмауға ұқсайды. Науқас жөтеліп, тұмауратады, кеуде қуысы ауырып, дене қызуы көтеріледі. Сондықтан суық тиюдің белгілері байқалған жағдайда өз бетімен емделмей, дереу медициналық көмекке жүгінуінсұрады.

Короновирустың алдын алу бойынша келесі әрекеттерді орындауға кеңес береміз:

- Тұмауға қарсы егу жасаңыз;

- Адамдар көп жиналатын жерде және қоғамдық көлікте болу уақытын қысқартыңыз;

-Көпшілік орындамедициналық бетперде пайдаланыңыз;

- Аурудың белгісі байқалғанадаммен тығыз қарым-қатынас жасамаңыз;

- Көшеден және қоғамдық көліктен кейін қолды, мұрын қуысын сабынмен мұқият жуыңыз;

- Үй-жайда жиі ылғалды тазалау жұмыстарын жасаңыз;

- Бөлменің ауасын желдетіп тұрыңыз;

- Күнделікті ас мәзірінде С витамині бар өнімдібарынша молынантұтыныңыз;

- Дәрігердің ұсынысы бойынша иммунитетті күшейтетін препаратпен құралды пайдаланыңыз.

- Салауатты өмір салтын ұстаныңыз, теңгерімді тамақтаныңыз және үнемі дене шынықтырумен айналысыңыз;

- Аса қажеттілік болмаса Қытай еліне жолсапарды эпидемиялық жағдай жақсарғанға дейін кейінге қалдыруға кеңес береміз;

- Қытайда жүрген уақытта немесе ол елден келгенсоңреспираторлық ауру белгілері пайда болған жағдайда медициналық көмекке жүгініңіз және дәрігерге инфекция таралған аумақта болғандығыңыз туралы хабар беріңіз.