Саясат
Биньямин Нетаньяху
Сейсенбіде Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху үш қылмыстық іс бойынша ресми айыпталды, деп хабарлайды CNN.
Израильдік саясаткер парақорлыққа, алаяқтыққа және сенімге қиянат жасады деп айыпталуда.
Израильдің бас прокуроры Авихай Мандельблит Нетаньях істері бойынша айыптау қорытындысын Иерусалимнің округтік сотына жолдады. Осылайша, саясаткер лауазымын атқара тұрып сот алдында жауап беретін Израиль тарихындағы алғашқы премьер-министр болмақ.
Бірінші сот отырысының күні әлі тағайындалмаған, бірақ бұл істер бойынша процесс бірнеше жылдарға созылуы мүмкін.
Айыптау үкімі 2 наурызға белгіленген Израильдегі сайлауға, сондай-ақ жаңа үкіметті құру жөніндегі келіссөздердің барысына әсер етуі сөзсіз.