Экономика
Вирустың кесірінен экономика зардап шегуде
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comВирустың таралуы Қытай экономикасына соққы жасауда. Өткен аптада жаңа жылға байланысты жоспарланған мерекелік қойылымдардан бас тартқан еді. Енді ірі компаниялар өз жұмыстарын тоқтатуға мәжбүр болуда.
- Xiaomi компаниясы Қытайдағы барлық дүкендерін уақытша жапты, - деп хабарлайды Gizmochina сайты.
Барлық Xiaomi дүкендері 3 ақпанға дейін жабылған. Вирустың таралу қарқынына байланысты дүкендерді ашу немесе жабу уақытын созу сол кезде қаралмақ.
- Елімізде орын алған жағдайға байланысты, мемлекетіміздің індетпен күресуіне көмектесу мақсатында біз 28 қаңтар мен 2 ақпан аралығында дүкендерімізді жаба тұруға шешім қабылдадық. Xiaomi дүкендері 3 ақпаннан бастап істейтін болады, - делінген компанияның сайтындағы хабарламада.
Қытай компаниясымен бірге Honda Motor жапон көлік концерні де өз жұмысын тоқтатқан. Асахи газетінің хабарлауынша 10 ақпанға дейін Шанхайдағы екі Honda зауыты жұмысын тоқтатады.