Саясат
Вирусты таратпау шаралары
Индонезияның орталық Сулавеси аймағындағы қытай азаматтары жұмыс істейтін зауытта вирустан қорғану мақсатында 3 мың азаматты оқшаулап тастаған. Оған себеп болған жұмысшылардың біраз бөлігі өткен аптада Қытайдан келуі болып отыр.
PT Indonesia Morowali Industrial Park (IMIP) компаниясында жұмыс істеген қытайлықтар індетті жұқтыруы мүмкін деген күдікпен тексерілуде.
- Қытайда ауыр індет тарағаны жайлы ақпарат шыққан сәтте-ақ осындай қадамға бардық, - дейді компания өкілі Деди Кунуар BenarNews басылымына.
Бүгінгі таңда 3000 қытай жұмысшысы оқшауланып, карантинде жатыр. 600 жұмысша өткен аптада Қытайдан келген, олардың ішінде 15 жұмысшы Ухань қаласынан екені анықталды. Карантин 25 қаңтарда басталған екен. Ол індет толық басылғанда аяқталмақ.
Бұл шараға қарамастан жұмыс ары жалғасып жатыр. Өйткені зауытта қытай азаматтарынан бөлек 28 000 индонезия азаматы жұмыс істейді. Олар өз қызметтерін штаттық жүйеде жасап жатыр.