Экономика

Қытайда коронавируспен күреске 3,9 миллиард доллар бөлінді

170 адам қайтыс болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қытайдың қаржы органдары коронавирусқа қарсы күреске шамамен 3,9 миллиард долларға жуық қаржы бөлді, деп хабарлайды РИА Новости.

29 қаңтардағы жағдай бойынша, елдің қаржы институттары індетпен күресу үшін 27,3 млрд юань көмек қаражатын бөлді. Бұл қаражатты бөлу жөніндегі іс-шаралар ҚКП ОК және Мемлекеттік Кеңестің стратегиясына сәйкес жүргізілетін болады.

Жаңа деректерге қарағанда, қазір аталмыш аурумен ауырған 7 736 науқас анықталып, 170 адам қайтыс болған. 126 адам коронавирустан емделіп шықты. Тағы 12 167 адамның ауруға шалдыққан деген күдігі бар.