Спорт
Қазақстан құрамасының капитаны Бауыржан Исламхан "Аль-Айн" жергілікті клубымен келісімшартқа қол қою үшін Біріккен Араб Әмірліктеріне аттанды
Исламхан медициналық тексеруден өту үшін ұшып кетті, одан кейін футболшы келісім-шартқа бес ай мерзімге қол қоюы тиіс.
"Аль-Айн" БАӘ-нің 13 дүркін чемпионы. 2018 жылы команда мадридтік "Реалға" (1:4) жол беріп, клубтық әлем чемпионатының финалында ойнаған.
Естеріңізге сала кетейік, 25 қаңтар күні Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны Бауыржан Исламхан Санкт-петербургтік "Зенит" сапында екінші жолдастық кездесуін өткізген болатын. Матч нәтижесін қорытындылаған ресейлік БАҚ «Исламханның деңгейі Ресейдің қазіргі чемпионына сай емес» деген еді.
Ал "Зенит" клубының бапкері Сергей Семак қазақстандық футболшының "тағдыры" бойынша сұрақ алдағы күндері шешілетінін мәлімдеген. Соған қарағанда келісім-шартқа қол қойылғанға дейін іс жетпеген.