Денсаулық

Коронавирус Қазақстанда: 54 адам бақылауға алынды

Қазақстанда 54 адам коронавирус жұқтыруы мүмкін деген күдікпен ауруханаға жатқызылды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстанның медициналық мекемелеріне коронавирус бар деген күдікпен 54 адам вирустық инфекциямен ауруханаға жатқызылды. 

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов коронавирус жөніндегі брифингте мәлім етті, деп хабарлайды Liter.kz.

- Қазіргі уақытта медициналық мекемелерде коронавирусқа күдікті 54 адам ауруханаға жатқызылды. Оның ішінде 16 адамның денсаулығының жақсаруына байланысты сауығып, жазылып шықты. Жұқпалы аурулар емханаларындағы стационарларда 38 адам барынша санитарлық бақылау жағдайында тұр, — деді Біртанов.

- 6 қаңтардан бастап Төтенше тәртіп пен санитарлық бақылау жарияланған кезде шекара арқылы 20 515 адам өтті. Оның ішінде 19 989 қазақстандық және 526 шетелдік. Олардың барлығы тексеруден өтуде, науқастарда температура болған жағдайда олар дереу медициналық мекемелерге жіберілуде. Қалғандары тұрғылықты жері бойынша бақылауға алынуда. Олардың 78%-мен байланыс орнатылған, біз олардың денсаулығы бойынша қандай да бір ауытқулар болса, мониторинг жүргіземіз, — деді Біртанов.
Біртанов атап өткендей, қазіргі уақытта министрлік Қытайдан келген барлық азаматтарға СМС жібергенін және олардың денсаулығын қадағалап және де температура жоғарылаған жағдайда тұрғылықты жеріне хабарласуды сұрайды.

30 қаңтарда Бердібек Сапарбаев Қытайдан көшірілген қазақстандықтар өздерімен бірге вирус әкелмей, өз отандастарын жұқтырмау үшін Үкімет тарапынан қандай шаралар қолданатынын айтты.

28 қаңтарда коронавирус бойынша брифингте Жандарбек Бекшин Қытай үкіметімен келісім бойынша коронавирустық инфекция дамитын ҚХР Хубэй провинциясының Ухань қаласында оқып жатқан Қазақстаннан 61 студентті көшіру туралы шешім қабылданғанын айтты.

29 қаңтарда коронавирус жөніндегі брифингте еліміздің бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы әлемнің барлық елдеріне өз азаматтарын Қытайдан көшіруді ұсынбайтынын айтты.  

Ол халықаралық қоғамдастықты тыныштықты сақтауға және болып жатқан жағдайларға шамадан тыс реакцияға жол бермеуге шақырады.