Weekend

Прагада Абай атындағы мәдени орталық ашылды

Ұлттық кітапханадан

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Абай орталығы Праганың жүрегінде, елдегі ең көне бөлігі Чехияның Ұлттық кітапханасының ғимаратында орналасқан. Оның қорында 7 млн астам кітап бар. Енді  мыңдаған оқырман Ұлы Абайдың шығармаларымен таныса алады.

- Чехия мен Қазақстан бір бірінен өте алшақ орналасқан. Біздің азаматтарымыз Қазақстанмен жақсы таныс емес. Бірақ Абай орталығы чехтарға Қазақстанды, қазақ мәдениетін, әдебиетін жақынырақ білуге және Абай Құнанбаев сияқты ұлы жазушымен танысуға көмектеседі деп санаймын. Осындай іс-шараны қабылдау біз үшін үлкен құрмет. Менің ойымша, біздің оқырмандарымыз орталыққа қуана барады, - дейді Чехия Ұлттық кітапханасының директоры Мартин Касандо. 

Ашылу салтанатына Чех депутаттары, мәдениет қайраткерлері, Қазақстанның шығармашылық зиялы қауым өкілдері қатысты. Сарапшылар Абайдың жаңа орталығы Қазақстан мен Чехия халқын жақындастырады және шетелдіктердің біздің елге деген қызығушылығын арттырады деп сенеді.

- Біздің кітапханамыздың осындай жобаны іске асырғанына қуаныштымын. Бізде тіпті Чехия Парламентінде де Қазақстанға қызығушылық танытуда. Мен Абайдың шығармашылығымен жеке таныспын.  Осы көрме арқылы бұдан да көбірек біле алатыныма сенімдімін. Мен міндетті түрде жұмыстан бос уақытында тағы да Абай орталығына баруды жоспарлап отырмын, - дейді Чехия Парламентінің депутаты Станислав Берковец.

Абай мәдени орталығының ашылуына Чехияда білім алып жатқан қазақстандық студенттер де риза. Олар үшін бұл ұлы ойшылдың шығармашылығын тереңірек зерттеуге мүмкіндік. Ал келесі аптадан бастап олар өз курстастарын шақырып, әдеби кештер өткізуді жоспарлап отыр.

Хабар телеарнасы