Экономика

2019 жылы өскен жәрдемақыдан 768 теңге алып "байып" кеткен көпбалалы ана

Өз толғанысымды жеткізе алмаймын

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Әлия Садырбаева есімді азамат өзінің Facebook әлеуметтік желісінде төмендегідей пост қалдырған. 

Бүгін 2019 жылдың алғашқы пайызы өскен жәрдемақыны алдым. Көпбалалы анамын ғой. Бұрынырақта жәрдемақы мөлшері 15 392 теңге, ал енді 16 160 теңге болды. 768 теңгеге байыдым.

Өз толғанысымды жеткізе алмаймын. Үкіметке деген ризашылығымды да білдіре алмаймын. Халық қалауларына «қамқорлықтары» үшін алғыс айтқым келеді. Бұл соманы енді қайда жұмсарымды білмей дал болып отырмын.

Сіз бен біздің өмірімді жарқын етуге, жеңілдету күш-жігерін, ақылын сарп етіп жатқан депутаттар мен министрлердің миллиондаған айлықтары қайда кетіп жатқанын елестетуге қорқамын.

Соған қарағанда қайырымдылықтарын жария етпейтін сияқты...