Экономика

Құлдыраған қытай экономикасы: вирус салдарынан қандай брендтер жабылды?

Қытай вирустың салдарын шығынға ұшырауда

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қытайдағы вирус экономикаға соққы болуда. Әлемдік компаниялар Қытайдағы зауыттары мен дүкендерін жауып жатыр.

Әлемге танымал IKEA компаниясы Қытайдағы дүкендерін вирус ауыздықталғанша жабатынын мәлімдеді. Қытайдағы 30 ірі дүкенін жабу арқылы тұтынушылары мен қызметкерлерін індеттен аман алып қалғысы келеді. 

Қытайдың Xiaomi компаниясы да дүкендерін 3 ақпанға дейін жабу туралы шешім қабылдаған.  

Apple компаниясының директоры Тим Кук Қытай бойынша орналасқан дүкендердің жұмыс сағатын азайту, кей аймақтарда жабу туралы шешім қабылдағанын жеткізді.

Google Қытай, Гонконг, Тайваньдағы барлық офистарын жапты. Компания қызметкерлері үш аптаға қашықтықтан, үйде отырып жұмыс істеуге мәжбүр. 

Ал Lufthansa, SWISS пен Austrian Airlines, Air Canada, Air France компаниялары Қытайға ұшуды тоқтатып, сақтану шараларын қолға алды. Бұл миллиондаған қытай кәсіпкерлерін тығырыққа тіреген шешім болып отыр. "Компаниялардың Қытайдағы жұмысын тоқтатуы қытай азаматтарын біраз уақытқа жұмыссыз қалдырып, экономикаға салмақ салатын болады" дейді сарапшылар.