Денсаулық
Тоғыз адам ауруханада
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comҚырғызстандағы санитарлық карантиндік пунктерде дәрігерлер 14,4 мың адамды тексерді.
Олардың ішінде жақында Қытайдан келген 24 қырғыз, 18 қытай азаматы бар. Бұл туралы «Кабар» басылымы ақпарат берді.
Қырғызстанның денсаулық сақтау министрлігі хабарлағандай, барлық адамдарды термосканер арқылы тексерген. Алайда олардың ешқайсысынан жаңа вирустың нышаны табылмаған.
Министрліктің хабарлауынша, әлі бірде бір вируспен ауыру фактісі тіркелмеген. Дегенмен Шу облыстық ауруханасында тоғыз адам дәрігерлердің қатаң бақылауында ем алуда. Оларға әлі нақты диагноз қойылмаған.