Саясат

Италия қытай азаматтары бар кемені елге кіргізбей, оқшаулап тастады

Жолаушылардан вирус симптомдары байқалған

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Италия жағалауына келген кемеде отырған туристердің екеуінен Қытайда таралған індеттің белгілері табылды. 

Ал Италия билігі жағалауға келген круизді оқшаулап, жолаушылардың жағаға түсуіне тыйым салды. 

Вирус белгілері табылған туристердің ерлі зайыпты әрі Гонконг тұрғындары екені анықталды. 

Costa Crociere круиздік лайнері алты мың жолаушысымен бірге қазір Чивитавеккьи портында тұр. Оған себепкер болған Гонконгтік туристерде тыныс алуы қиындап, температураның көтерілуі себепкер болған. Бұл туралы Rai News24 сайты хабарлады. 

Қазір кемедегі жолаушыларды дәрігерлер тексеріп жатыр. Гонконгтік екі турист кеменің ішінде арнайы бөлмеге оқшауланған.