Саясат

Филиппин тұрғындары Қытай туристерін елге кіргізуге қарсы митингке шықты

Халық вирустан сақтану керектігін айтты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Гонконгтен шыққан круиздік лайнерді Филиппин тұрғындары елге кіргізуге қарсы. Бұл туралы GMA News сайты хабарлайды. 

Халықтың қарсылығынан кейін Олонгапо қаласының билігі лайнерді кіргізбеу туралы шешімге келді. 

Круиздік лайнер Филиппин жағалауына дүйсенбі күні келіп жеткен болатын. Алайда Олонгапо халқы онда қытай туристері бар екенін білгенде, оларды елге кіргізуге қарсы митинг ұйымдастырған.  

Тұрғындар кеменің жағалауға тоқтауына қарсылық білдіріп, биліктің вирустан сақтануын талап еткен.

Олонгапо қаласының билік өкілдері Субик-Бейпорт портына круиздік лайнерді қабылдамау туралы пәрмен берген. Әзірге Қытай тарапынан келген кемелерді қабылдауды тоқтату керектігін айтқан. 

Осы орайда айта кеткен жөн, Италия жағалауына кеп тоқтаған кемедегі екі жолаушыдан вирус табылғандықтан, италия билігі кемені елге кіруіне тыйым салған еді.