Саясат

Ежелгі Рим оқиғасы: Неге менің әр мәселеге араласуым керек?

Депутат жауабы

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қарағанды қаласындағы “Древний Рим” мейрамханасында болған оқиғаға байланысты қазақстандық БАҚ өкілдері барынша ашық және нақ ақпарат беруге тырысты. Желіде түрлі әңгімелердің туындауы мен жалған ақпараттардың берілуі халықты айналып өтпей қоймады.

 

Жаңа жыл кешінде орын алған оқиғаға байланысты депутаттардан сауал алынды. Нәтижесінде Қазақстан Республикасының Парламент мәжілісінің депутаты әрі халықаралық қатынастар қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Владислав Косарев мырза, Қарағандыда орын алған оқиғаны тыңдағысы да келмейтінін алға тартты. 

“Неге менің әр мәселеге араласуым керек? Бұл менің міндетіме кірмейді” деп, тілшіге жауап берген депутаттың жауабы осындай болды. 

Ел ішінде болып жатқан мәселеге кез келген Қазақстан азаматы көзқарасын білдіріп, өзінің азаматтық позициясын көрсету керек. Оның ішінде елдің алдыңғы көшінде тұрған депутаттардың араласуы басты нысанда емес пе еді?