Саясат

Тәжвирус Канададан қытай студенттері ұрлаған биологиялық қару болуы мүмкін

Канада билігі тексеру жүргізуде

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Great Game India ғылыми журналы Қытайдағы тәжвирустың қайдан шыққанын зерттеп көрді. Алайда айтқан ойы адам нанғысыз. 

- Алғаш рет 2019-ncoV вирусы жайлы 2012 жылы белгілі болған. Бұл вируспен ең бірінші болып Сауд Арабиясының тұрғыны ауырған, алайда ол оқиға жайлы құпия сақталған. Вирустың үлгілері Канаданың ұлттық микробиология зертханасына жеткізілген. Қазіргі таңға дейін Канаданың мутацияны зерттеу орталығы әлемге әйгілі екені белгілі, - деп жазады журнал. 

2019 жылы канадалық полицейлер кеденде күдікті жәшікті тапқан көрінеді. Жәшіктен аса қауіпті вирус салынған қобдишалар табылған. Жәшік пошта арқылы Қытайға жіберілген болып шықты. Демек, арнайы түрде біреу Қытайға инфекциялар мен вирустардың үлгісін беріп, Канаданың ұлттық құпиясын ұрлаған.

Жәшікті Қытайға жіберген ұлты қытай ерлі-зайыптылар болып шықты. Олар вирусология саласының мамандары екен. Канада билігі Сянго Цю мен Кединг Ченгті тыңшылық жасады деп айыптап, тұтқындаған болатын.

Тергеу барысында Канаданың биолабораториясында Қытайдың биологиялық қару жасау бағдарламасына кіретін мамандардың студент ретінде тәжірибеден өткені белгілі болды. Канада билігі вирустардың үлгілері 12 жыл қатарынан (2006 мен 2018) Қытайға жіберіліп отырғанына көз жеткізді. Тергеу, тексеру жұмыстары жалғасуда. 

- Қытайдағы вирус студенттер арқылы Канададан ұрланған биологиялық қару болуы мүмкін, - деп жорамалдайды журнал авторлары.