Bugin
Хореография бойынша ЮНЕСКО-ның мүшесі
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comСофи Манасян Nickelodeon командасына кәсіби біліктілігі үшін сонымен қатар әр елдің балаларына ұлты мен тілі, дініне қарамастан осы шоуға қатысып, жұлдыздай жарқырауға мүмкіндік бергені үшін алғысын айтты. Анасы қызының жобаға түсуі үшін қолынан келгенін жасаған. Бұл жобаға қатысу үшін кішкентай қызға тіл үйрену қажет болды. Жоба барысындағы дайындық Софи үшін естен шықпайтын тәжірибе болды. Ол, Америкалықтар үшін сөйлеу кезінде акценті сезіліп тұрғанын және әлі көп әзіл мен қалжыңдарды түсіне бермейтінін айтады.
«Ағылшын тілін толығымен үйреніп алсам, бұдан да үлкен биіктерге жетемін», - дейді Софи Манасян Instagram парақшасында.
Бүкіл әлемге тарайтын шоу АҚШ-та эфирге жұма күні кешкі 19:00-де шығады. Қазақстандықтар шоуды 12-қаңтарда 09:00-де көре алады.
Кішкентай қыз, қазір АҚШ-та дарынды балаларға арналған өнер мектебінде оқиды. Ол сонымен қатар хореография бойынша ЮНЕСКО-ның мүшесі, Еуровидениенің арнайы қонағы болды.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61