Саясат

Cот отырысы ашық өтеді: LRT ісі тоқтады

LRT ісі тоқтады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі екінші департаментінің жетекшісі Сергей Перов қылмыстық іс сотқа жөнелтілетінін, сот отырысы ашық өтетінін мәлімдеді. 

«Қылмыстық тергеу аяқталды. Қазір қылмыстық істің материалдарымен танысу процесі жүріп жатыр. Қашып жүрген қылмыскерлерді интерпол арқылы іздеу шаралары жалғаса береді», – деді ол. 

Департамент жетекшісі қылмысқа 10-нан астам адамның қатысы бар екенін нақтылады. 

«Тергеу мүддесі тұрғысынан қашып жүрген қылмыскерлерді қай мемлекеттерден іздеп жатқанымызды жариялай алмаймыз. LRT ісі тоқтады. Қылмыстық іс сотқа жөнелтіледі, сот отырысы ашық өтеді», – деді Сергей Перов.

inbusiness.kz