Weekend

Вирустың тұтқындары: Қазақ студенттері қытай жатақханаларынан шыға алмай жатыр

Студенттеріміз елге оралуды армандайды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Яньчэн қаласының жатақханасында 80-ге жуық қазақ студенті елге қайта алмай отыр. 

Студенттердің сөзіне қарағанда, олар кәдімгідей қамауда отырған көрінеді. Кураторлардың рұқсатынсыз тіпті азық-түлік алуға да шығармайды. Алдағы рейстерге билет мүлдем жоқ. Ал екі күннен кейін әуежайдың барлығы жабылмақ.

- Кампустың сыртына немесе ең болмағанда жатақханадан шығу үшін бірінші куратордан рұқсат сұрауымыз керек, сосын төменгі қабатқа түсіп бір құжат аламыз. Қазіргі уақытта тек бір ғана қақпа ашық. Күзет тек осы құжат бойынша ғана өткізеді. Елшілікке қолдау көрсетуді өтінгіміз келеді. Бізді естисіздер деп үміттенеміз, - дейді Сабина Канафина мен Диана Габрильян есімді студенттер. 

Елдегі дүрлікпеге байланысты билет бағасы да қымбаттап кеткен. Ата-аналарға да оңай емес. 

Дүкендерде азық-түлік жеткіліксіз: көкөніс, жұмыртқа, нан жоқ. Маска өте қымбат, шет ел студенттеріне мүлдем таратылмайды. Студенттер оларды қайта пайдалану үшін ескі маскаларын үтіктеп киюге тура келеді. Мұндай "қорғау" шаралары 140-тан астам адам жұқтырған қалада күмән тудырады.

Қазір Қазақстан билігі Қытаймен келісіп, қазақ студенттерін елге қайтарудың амалын жасап жатыр. 

- Ол үшін біз аурухана дайындадық. Студенттер келген соң, 14 күн ауруханада болады. Талдау аламыз, қан тексереміз. Егер денсаулығы жақсы болса, шығарылады. Егер науқас болса, емдейміз. Яньчэндегі қазақстандық студенттерге міндетті түрде көмектесеміз. Олар СІМ-ге өтініш жазды. Бүгінгі таңда 2 жарым мыңға жуық қазақстандық Аспан асты елінде қалып отыр, - дейді премьер-министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев. 

ktk.kz