Bugin

47 жылдық тарих: Бүгін Ұлыбритания ЕуроОдақ құрамынан ресми түрде шығады

Еуропа

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Одақ құрамында болғанымен, Британия ортақ шекара - шенген зонасына кірген емес. Фунт стерлингін еуроға да алмастыра қоймады. Әрине, ортақ базар, ортақ нарықта болды. Заң-ережелерін Еуропа Парламенті қабылдаған құжаттарға сәйкестендіруге міндеттелді.Өз ішінде азаматтарының еркін-жүріп тұруына, жұмыс жасауына мүмкіндік берілді.

Бүгіннен кейін де бұл жағдай сақталады. Транзиттік уақытта. Кем дегенде осы жылдың 31 желтоқсанына дейін.

Осы өтпелі кезеңде Еуропа елдерімен дербес және бірге келіссөздер жүреді. Әрі қарайғы жағдай осы уақыттағы келісімдерге байланысты.

Бүгін іске асатыны - Еуропарламент пен ЕО-ның саяси органдарындағы Британия депутаттары, өкілдері жұмысын тоқтатады

Үкімет құрамындағы Брексит департаменті де. Естелік тиын монеталар айналымға қосылады. Болды.

Біз тұрақтаған Лидс қаласы көбіне еңбек партиясының қолдаушылары. Сайлау нәтижесі бойынша.

Жергілікті халықпен сөйлессең, бұл бір аса қуанышты күн емес дейді. Шотландия тіпті.

Дербестік алуға ұмтылысын жасырып жатқан жоқ. Нәтижесі 48%-52% болған тәуелсіздік референдумын қайта ұйымдастырғысы келеді.

Меніңше, өзара қарым-қатынастарында айрықша өзгерістер бола қоймас. Студент алмасатын бағдарламалары, өзара грант жобаларын оңай келісіп алады деп ойлаймын.

Сауда қарым қатынастары күрделенуі мүмкін. Тарифтер өзгеріп, баға өсуі болжанады.

Бес жыл бұрын Brexit референдумы алдын тіл курсына келіп, Еуропадан бөлінудің артықшылығы мен кемшіліктері деген эссе жазып, тіл ұстартқан едік.

Бүгін соның ресми нүктесі қойылуда. Одақ құрамындағысын көрдік. Енді шыққан сәтіне де куәміз. Тарих қой.

Рахат Жақсыбай, facebook парақшасынан алынды