Weekend
Ағартушының 175 жылдық мерейтойы қарсаңында Семейдегі әуежай атауы өзгерді
Семей қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Анаргүл Бүркітбаеваның айтуынша, әуежайды Абай атымен атау туралы ұсыныс өткен жылы түскен. Осыған орай құжаттар облыстық ономастикалық комиссияға жіберілген. 2019 жылдың желтоқсан айының соңында республикалық ономастика комиссиясы келісім берген.
Әуежай қайта жөндеуден өткеннен соң халықаралық статусқа ие болды.