Саясат

Жаңа заң: Енді еліміздегі мұғалімдер зейнетке 48 жасында шығуы мүмкін

"Педагог мәртебесі" туралы заң жобасы

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Білім және ғылым министрлігі "Педагог мәртебесі" туралы заң жобасында 30 жылдық еңбек өтілі бар ұстаздарды зейнетке ерте шығаруды ұсынып отыр. "Педагог мәртебесі" туралы заң жобасы президенттің тапсырмасымен әзірленген болатын. Бұл заң жобасы шамамен ақпан айында депутаттардың қарауына түседі. Бұл туралы Sputnik.kz хабарлады.

Бүгін Астанадағы мектепте заң жобасын талқылау барысында білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиева құжаттағы негізгі баптарға тоқталды.

Заң жобасында "педагог белгіленген зейнеткерлік жасқа толғанға дейін педагогикалық жұмысының отыз жылдық өтілі болған жағдайда зейнеткерлікке шығуға әлеуметтік кепілдіктерге ие" деп жазылған.

Вице-министрдің айтуынша, 30 жыл еңбек өтілі бар ұстаздар зейнетке ерте шыға алады. Жоғары оқу орындарында оқыған 4-5 жыл еңбек өтілі болып саналатындықтан, мұғалімдер бұл әлеуметтік кепілдікке ие болу үшін 26 жыл үздіксіз мұғалім болып жұмыс істесе жеткілікті. Мұны Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы  ұсынған.

Егер сіз 17 жасыңызда жоғары оқу орнына түссеңіз, 21 жаста жоғары оқу орнын тәмамдайсыз. Осыдан кейін 26 жыл үздіксіз мұғалім болып жұмыс істесеңіз, 48 жаста зейнетке шығуға құқыңыз бар.

Эльмира Суханбердиеваның айтуынша, қазіргі уақытта ұстаздарға таңдау беріліп отыр. Не мұғалімдер отыз жыл еңбек еткеннен кейін зейнетке шығады немесе әрі қарай жұмысын жалғастырады. Өйткені, қазір мұғалімдердің көбі жұмысынан кеткісі келмейтінін атап өтті. 

Ұстаздардың ұсынысы қамтылған заң жобасы мемлекеттік органдарға жіберілген. Ондағы ұсыныстардың қабылданып-қабылданбайтыны уақыттың еншісінде.