Білім және ғылым

2021 жылдан бастап ЖОО дипломы жаңа үлгіде беріле бастайды

Білім саласы

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

2021 жылдан бастап жоғары оқу орындары жеке үлгідегі диплом бере бастайды.

ҚР білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов педагогикалық жоғары оқу орындарының студенттерімен кездесті. Кездесу барысында білім және ғылым министрі педагогикалық жоғары оқу орындарының студенттерін мектептерге жұмыс істеуге шақырды. 

Білім және ғылым министрлігінің басшысы 2021 жылдан бастап жоғары оқу орындарының мемлекеттік үлгідегі емес, жеке үлгідегі (әскери және арнайы оқу орындарын қоспағанда) диплом беруі туралы норма күшіне енетінін айтты. Бұл жоғары оқу орындары арасындағы бәсекелестікті арттырып, ұсынылатын білім беру қызметтерінің сапасына қатысты жауапкершіліктің өсуін қамтамасыз етпек. 

А. Аймағамбетовтің айтуынша, енді жұмыс берушілер дипломға емес, түлектің құзыреттеріне көбірек көңіл бөледі. Жұмысқа орналастыру кезінде жоғары оқу орнының беделі мен имиджі басты рөл атқаратын болады. 

«Студенттер мен олардың ата-аналарын ЖОО таңдауда мұқият болуға шақырамыз. Сонымен қатар, келесі аспектілерге назар аударуды ұсыну қажет. Әлемнің үздік жоғары оқу орындары рейтингісінде ЖОО-ның позициясы, QS және «Атамекен» ҰКП рейтингісінде білім беру бағдарламалары, ЖОО мәртебесі мен академиялық беделі, ұсынылатын білім беру қызметтерінің сапасы», – деді министр. 

Министрдің айтуынша, білім беру қызметтерін бағалауға әсер ететін әрі еңбек нарығы ұсынып отырған негізгі факторларға ЖОО түлектерінің жұмысқа орналасу пайызы және олардың еңбек нарығында сұранысқа ие болуы, ЖОО-ның аккредиттеуден өтуі, білім беру бағдарламаларының өзектілігі және тағы басқалары жатады. Заңнамаға сәйкес студенттерге қысқы және жазғы каникул кезінде бір ЖОО-дан екіншісіне ауысу мүмкіндігі берілгендігін айта кеткен жөн. 

Бүгінгі таңда ҚР Білім және ғылым министрлігі еліміздің жоғары оқу орындарында білім беру саласындағы заңнаманың сақталуына тексеру жұмыстарын жүргізуде. Заңнама талаптарының бұзылуы және сапасыз білім беру қызметтерін ұсыну фактілері анықталған жағдайда жоғары оқу орындарын лицензиядан айыру немесе тоқтата тұру бойынша шаралар қабылданады. Осы категория бойынша: « Қазақстандық студент Huawei телефонының жаңа үлгісін құрастыруға қатысып жатыр Елордада абайтанудан ғылыми-танымдық орталық ашылды».

24.kz