Ағылшын тілінде «Тo Meghan Markle» етістігі пайда болды - на bugin.kz
Әйкерім Хамит - на bugin.kz Әйкерім Хамит

Ол нені білдіреді?

Ханзада Гарри мен оның әйелі Меган Маркл - То Meghan Markle (меганмарклдей жасау) атынан шыққан жаңа етістік желіні шулатуда. 

Аталмыш сөз жақында  Twitter әлеуметтік желісінде вирус секілді тарап кетті. Осылайша, еркін өмір сүреміз деп корольдік титулдардан бас тартқан жұп  БАҚ-тың алғашқы беттеріне ғана емес, сөздікке де кіруге мүмкіндік алып отыр. Бұл туралы The Guardian жазады.

Сондай-ақ, басылым жаңа етістікті қандай жағдайда пайдануға болатынын жазады.

- Меганмарклдей жасау - бұл өзіңізді және жан саулығыңызды бағалай отырып, (үй-жайдан, байлықтан, ыңғайсыз сезінетін ортадан бас тарту), - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, жыл басында Ұлыбритания ханзадасы Гарри мен оның әйелі Меган Маркл патша отбасының аға мүшелері ретінде отставкаға кетуге дайын екендіктерін Instagram парақшасында хабарлаған болатын.

0 Пікір Кіру