Әлем жаңалықтары

АҚШ: 6 ел азаматтары визалық шектеу алды

2 елге визалық лотерияға қатысуға тыйым салынды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

 

Америка Құрама Штаттары алты елдің азаматтарына визалық шектеу енгізді, себебі бұл елдердің «қауіпсіздікпен қамтамасыз етуі» АҚШ стандарттарына сәйкес келмейтіндігі туралы Америка әкімшілігі хабарлады.АҚШ-қа қоныс аудару үшін Қырғызстан, Нигерия, Эритрея және Мьянма азаматтарывиза алуға өтініш бере алмайды, Танзания мен Суданға визалық лотереяға қатысуға тыйым салынды.

 

«Бұл 31 қаңтар, жұма қабылданғаншешім Америка Құрама Штаттарында қабылданған ең төменгі қауіпсіздік стандарттарына сәйкес келмейтін немесе заңсыз иммиграцияны алдын алу мақсатында бізбен біргетығызжұмысжасауды қолдамайтын елдерге қатысты қауіпсіздік шараларын қатаңдатуға бағытталған», - деп түсіндірді Америка Құрама Штаттарының атқарушы билігінің өкілі Чед Вульф.

 

Бұл шара көптеген саясаткерлер мен американдық қоғамдастықтың сынына ұшырады.

2017 жылы АҚШ Иран, Ирак, Сирия, Ливия, Йемен, Судан, Сомали және Ирак азаматтарына кіруге тыйым салған. Осыған дейін Беларусь азаматтарына тыйым салынуы мүмкін деп хабарланған болатын.