Weekend

Дінмұхамед Қонаев: Қараң қалған билік қайтып оңалмайды

Дара тұлғаның қанатты сөздері

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік еңбек ері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы— Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев Қазақстанның болашағы үшін аянбай еңбек етіп, көптеген іс атқарған дара тұлға. Назарыңызға қазақтың біртуар ұлының нақыл сөздерін ұсынамыз.

·        Дүние түске дейін киіз, түстен кейін мүйіз болып кетуі әп-сәтте

·        Өмір деген осы, бүгін бар, ертең жоқсың. Сен кетті екен деп өмір-өзен ағысын өзгертпейді.

·        Қанмен сіңгенді қасиеттемесең, қадірің болмайды

·        Бүгінгі күн-кешегі күннің шәкірті

·        Өмірдің екі тірегі: Үйренуден жалықпау, үйретуден аянбау

·        Жалада шындық болмайды

·        Сенім-құдыретті күш: тауды да қозғайды

·        Сатыға аяқ салмай жатып, баспалдақтан аттама

·        Ақиқаттан аттап кету-арға сын

·        Орынды сын ойлантпай қоймайды

·        Адамға жазаның ең үлкені-жұмыссыз қалдыру

·        Тәуелсіздіктің жүгі ауыр

·        Қараң қалған билік қайтып оңалмайды

·        Адам айнасы-адам

·        Бітімі қисық ағаштың көлеңкесі де өзіндей болады

Д. А. Қонаевтың Асанбай Асқаровқа айтқан сөзi

Орысты ренжiтсең Мәскеуге шабады, қазақты ренжiтсең қайда шабады? Өзiңнiң алдыңа айналып келедi, Асанбай. Орыстың артында тұрған Мәскеуi бар. Қазақтың артында Мәскеуi жоқ, қазақтың Мәскеуi - бiздермiз Асанбай, қолыңнан келгенше қазақты жылатпауға тырыс, қорлыққа берме. Қорлыққа көнген халық зорлыққа да көнетiн иiсалмас, ынжық болып кетедi. Ұлт өзiнiң мүддесiн өзi қорғай алатын дәрежеге жетуi керек. Кезiнде қазақтың жанын сақтап қалсақ екен дедiк қой..., бiз ол дәуiрден өттiк. Ендi қазақтың рухын, намысын сақтауымыз керек.

Баршаңызға бақыт тілеймін. Мына жүйке жұқартқандай қиын-қыстау күндерде иінді төмен салмай, еңсе көтертер күш-қайрат, мұқалмас жігер, жақсы табыстар тілеймін. Бәрі бір күнгідей болмайды. Сондықтан, арайлап атар әр таңға сеніммен қарайық. Ақжарылқап күндер алдымызда!