Саясат
Михаил Саакашвили Украина жайлы айтты
Грузияның экс-президенті Михаил Саакашвили Украинаның бөлініп, бірнеше мемлекет пайда болатынын айтты, деп жазады Lenta.ru сайты.
Грузин саясаткерінің ойынша қазіргі Украинаның орнында бес мемлекет пайда болмақ. "Мемлекеттің бөлінуіне елдегі саясаткерлердің қате шешімі мен ашкөздігі себеп" дейді ол.
- Сіздер жергілікті саясаткерлердің қаржыны қалтаға басып, әрбірі әскер ұстайтын жағдайға жеткенін түсінуге тиіссіздер. Мысалы, Геннадий Трухановтың өз әскері бар, Харьков мэрі Геннадий Кернестің өз әскері бар. Олар Украинаның бөлініп, бес елге айналуы үшір инфрақұрылым дайындап жатыр, - деді грузин саясаткері.