Саясат
Сабақтан қалғаны үшін жауапкерлікке тартылады
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comБілім және ғылым министрлігінің өкілдерінің айтуынша, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде оқушылардың сабақтан қалғаны үшін жауапкершілікке тартылатыны көрсетілген.
"Әкімшілік кодекстің 127-бабында ата-ананың немесе басқа да заңды өкiлдердiң балаларды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi орындамауы салдарынан 7 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынатыны айтылады. Биыл бұл сома 2 525 теңге болды. Сонда 17 675 теңге көлемінде айыппұл төлеу қарастырылған. Бір жыл ішінде осындай жағдайлар қайталанатын болса, 15 тәулікке дейін қамауға алынады немесе 20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлеуге міндеттеледі", - деп түсіндірді ведомстводағылар.
Министрліктегілер мектеп немесе колледж қатысушысы себепсіз оқуға келмеген жағдайда басшылықтың бұл туралы білім басқармасындағыларға хабарлауы тиіс екенін айтты. Ата-анаға айыппұл салу мәселесі сот тәртібінде қаралады. Айыппұл бюджетке аударылады.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61