Денсаулық

Қытай билігі коронавирустан көз жұмған адамдарды жерлеуге тыйым салды

Кремация жасауға бұйрық берді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қытай билігі коронавирустен қайтыс болған пациенттердің денесін арнайы крематорийлерде өртеуге бұйрық берді, деп хабарлайды "Синьхуа"агенттігі.

Ал қайтыс болғандардың мәйіті жерленетін жерге жақын жерде өртеледі. Алайда қоштасу мен жерлеу рәсімін өткізуге тыйым салынды. 

- коронавирустан қайтыс болған пациенттердің мәйіті дезинфекцияланып, герметикалық пакетке салынады әрі оны ашуға болмайды, – деп нақтылады агенттік.

2 ақпанда коронавирустың өршуі тіркелген Қытай Ухань қаласынан 83 қазақстандық, оның 80 – і-студенттер эвакуацияланды.

Онлайн-карта мәліметтеріне сәйкес, коронавирустың жаңа түрі 14 591 адамға жұққаны анықталды, 305 адам қайтыс болды, 345 адам сауығып кетті.