Қоғам

ШҚО-да қар басып қалған жасөспірім жан тапсырды

ШҚО-дағы қайғылы жағдай

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Шығыс Қазақстанға қарасты Шемонаиха қаласында болған қайғылы оқиғадан 14 жастағы бала көз жұмды, деп хабарлады Қазақстан ІІМ ТЖ комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов.

- Шемонаиха өзенінің жағасында ойнап жүрген 4 баланы қар басып қалды. Оның беруі қардан сытылып шығып, қалғандарына көмектескен. Алайда бір баланы таба алмаған, - дейді Нұрахметов.

Ал қар басып қалған баланы іздеу үшін полицейлер, құтқарушылар мен кинологтар атсалысты. Әсіресе, баланы іздеу иттердің көмегі көп болған. Бірақ баланы құтқарып қалуға кеш қалды. Қарға үш метрге дейін түсіп кеткен баланың аман қалуы да екіталай еді.