Әлем жаңалықтары

Коронавирусқа қарсы вакцина 1 жылдан кейін шығады - Италия ғалымдары

Итальяндық ғалымдар 2019-nCoV коронавирусын оқшаулай алды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Итальяндық ғалымдар 2019-nCoV коронавирусын оқшаулай алды. Бұл туралы  La Repubblica басылымы хабарлайды. 

Италияның денсаулық сақтау министрі Роберто Сперанца Римде өткен баспасөз конференциясында айтты. 

Оның  айтуынша, қытайлық ғалымдар жаңа вирустың штаммын бір аптадан бұрын бөліп алған, бірақ олар басқа елдермен бөліспеген. Италия ғалымдарының жаңалықтары бүкіл әлемге қол жетімді болады деп атап өтті министр.

«Вирусты оқшаулау дегеніміз оны зерттеуге, түсінуге көбірек мүмкіндіктер туғызады. Бұл оның таралуын тоқтатуға көмектеседі. Ол бүкіл халықаралық қоғамдастыққа қолжетімді болады. Енді онымен күресу оңай болады», - деді Италияның денсаулық сақтау министрі.

Вирусты Спалланзани Ұлттық жұқпалы аурулар институтының қызметкерлері оқшаулап алған. Институттың ғылыми директоры Джузеппе Ипполитоның айтуынша, Италия жаңа коронавирусты зерттеу процесінде басты орталықтардың біріне айналуда.

Ол вирустың оқшаулануымен диагностикалық сынақтар мен вакциналар жасауға жаңа мүмкіндіктер ашылатындығын айтты.

Сондай-ақ вакцинаны нарыққа шығару үшін бір жылға жуық уақыт қажет, өйткені жаңа препарат көп тексеруден өтіп, адам сынағынан бұрын мақұлдануы тиіс екендігін де атап өтті.