Әлем жаңалықтары

Тай дәрігерлері коронавирусты емдейтін дәрілерді жасап шығарды

Бұл дәрілер екінші рет тексерілмек, оң нәтиже болса, ем-домға қолданылмақ

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Тайланд дәрігерлері СПИД-ті емдейтін дәрілер мен тұмауды емдейтін дәрілерді бір-бірімен араластырып жасаса, ондай дәрілер 2019-nCoV  коронавирусын емдеуге қауқары жетеді деп санайды. Бұл туралы РИА Новости South China Morning Post-на сілтеме жасап жазады.

71 жастағы науқас қытай Бангкокта жүріп ауырып, Рачавити ауруханасына түскен көрінеді. Оны емдеу үшін тай дәрігерлері Таяу шығыста респираторлық синдромды (MERS) емдеу үшін қолданылатын «Осельтамивир» тұмауының дәрісі мен ЖҚТБ-ның «Лопинавир / Ритонавир» препаратын пайдаланған. Енді дәрігерлер науқасты бірінші рет тексеріп, оңды нәтиже ала алмағанымен, екінші рет тексеріп, жақсы нәтиже алуды ойлап отыр. 

Қазіргі уақытта Тайландта коронавирусқа шалдыққандардың саны - 19 болса, емделген науқастардың жалпы саны сегізге жетті. Коронавирус бар деген күдікпен тағы 382 адам тексерілуде.