Bugin
Қазақты қаңқулатқан қара Қытайым-ай...
Иә, бұл таза пропаганда! Осы "бәленің бәрі Қытайдан шығады" дейтін қазағымның енді Қытай десе төбе шашы тік тұратын болды.
Соңғы уақытта елді дүрліктірген жаңалықтың шындыққа жанасар-жанаспасын біле алмай жүрміз. Қазақ өзі бірдеңе ести қалса болды ары қарай өрбітіп, өршітуге шебер ғой, шіркін! Кезінде ақыр заман болады деп шулап халықтың бәрі қайда қашарын білмей үйлеріне тамақ тығып, ойларына келгенін істеп еді. Енді атың өшкір вирустан қалай құтыларларын білмей дел-сал болуда. Негізі, қорыққанға қос көрінеді деген осы шығар...
Жалпы, коронавирус деген адамнан адамға емес, жануардан адамға жұғатын дүние екен. Бірақ ауа арқылы, дем арқылы да біреуден-біреуге тарайды-мыс. Балтыры сыздап, белі ауырса да мән бермитін қазақ, енді осы бір вирустың салдарынан бар ауруларын емдеп жатқан болар. Саудагерлеріміздің Ухань енді тек түсіне кіреді екен ғой
Осы бір вирустың Қытай жаңа жылына қарсы пайда болғаны ешкімді алаңдатпайды ма? Әдейі жасалып отырған айла-әрекет болуы әбден мүмкін емес пе? Меніңше, байбалам салып қорқудың қажеті жоқ. Қазақты жаулай алмай жүрген Қытай қажет деп тапса бұдан әріге де барады. Ажал айтып келмейді, маңдайыңа жазылса тасқа сүрініп те өмірден өтіп кетесің. Сондықтан халқын қайда сыйдырарын білмей жатқан қарабайыр Қытайдан емес, маңдайларыңа өліміңнің келер күнін жазып қойған Құдайдан қорқыңдар!
Осы біздің халық неге ақымақ деп ойлаймын кейде?! Сайқал саясаттың құрбаны болып жатырмыз-ау осы...