Саясат
Орыс саясаткері кезекті даулы мәлімдеме жасады
Атышулы Владимир Жириновский Путинге ерекше ұсыныс жасады. Ол әлемді үшке бөліп алуды ұсынды, деп жазады politeka.net сайты.
- Орыстар ұсынған нұсқа іске асады, ол - әлемді үшке бөліп алу ұсынысы. АҚШ Латын Америкасы мен Оңтүстік Американы алсын, Еуроодақ елдері Африканы алса, біз қолымызда барды сақтап, КСРО-ны қалпына келтірейік. Ол КСРО-2 немесе КСРО-3 деп аталуы мүмкін, маңыздысы ол емес. Маңыздысы біз отанымыздың шекарасын қалпына келтіруге тиіспіз, - деген Жириновский.
Оның ойынша әлемнің үшке бөлінуін тек қана ол емес, барлық халықтар қолдайды-мыс.