Экономика
Шетелден жұмысшылар тартуға квота 40% қысқартылды
ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, квота 2019 жылы бекітілген санымен (48 700) салыстырғанда 40 пайызға қысқартылған. Нақтырақ айтқанда 3 санат бойынша (мамандар) – 3 пайызға және 4 санат бойынша (білікті жұмысшылар) – 23 пайызға азайған. Бүгінгі күні Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстары шетелдік жұмысшыларды елге алғызудан бас тартып отыр.
Квотаны қабылдаудың мүмкіндіктері:
- ішкі еңбек нарығын білікті емес шетелдік жұмыс күшінен қорғау;
- қазақстандық кадрларды көбірек жұмысқа орналастыру;
- жұмыс берушілердің білікті шетелдік жұмыс күшіне деген сұранысын қанағаттандыру.