Bugin
Немесе заманауи спорт
1. Ауыр атлетика - олимпиадалық спорт түрі. Сол себепті ол қозғалыс пен жылдамдықты, арнайы күшті талап етеді.
Ауыр атлетикамен айналысудың пайдасы қандай?
▪︎ Физикалық мүмкіндікті арттырады
▪︎ Дене бітіміңізді қалыпты түрде сақтайды
▪︎ Денсаулық үшін пайдалы
2. Пауэрлифтинг - бұл ерік-жігерді талап ететін спорттың бірегейі. Егер ойыншы едәуір салмақты көтеретін болса, жеңіске жетеді. Осы арқылы сіз денсаулығыңызға күтім жасайсыз, ағзаның қызметін арттыруға үлесіңізді қосасыз.
3. Кроссфит - физикалық дайындықтың бір түрі. Кроссфитпен айналыссаңыз, жан-жақтылыққа қалыптасасыз. Себебі сіз гимнастикалық жаттығуларды, ауыр және жеңіл атлетиканы, гір тасын көтеруге шынығасыз. Кроссфитпен айналыссаңыз:
▪︎ Деңгейіңізді жоғарылатасыз
▪︎ Қарым-қатынас ауқымын кеңейтесіз
▪︎ Физикалық дайындықты қамтамасыз етесіз.
▪︎ Сұлу мүсін мен ерекше сенімнің иесі боласыз
4. Бокс атты спорт түрі де әлемдік аренада кең ауқымда таралған. Көп дайындықты қажет ететін спортқа қызығушылық танытатындар қатары аз емес. Жас қауымға әкелер артықшылықтарына тоқталсақ:
▪︎ Керемет физикалық дайындық
▪︎ Өзіңізге деген сенімділік
▪︎ Әсем келбет
▪︎ Өз бағаңызды ұғыну
5. Карат спорты - тұла бойыңызды басқаруға, сенімділікті арттыруға және жетілуге септігін тигізеді.